Еңбектері жоғары деңгейде бағаланды
Бүгін президенттік сағат аясында ғылыми-білім беру кеңістігінің көшбасшыларын марапаттау рәсімі өтті. Кез келген істің табысы оған тек уақытын ғана емес, жанын, білімі мен жоғары кәсібилігін арнайтын адамдарға байланысты екені белгілі. Қостанай инженерлік-экономикалық университеті қызметкерлерінің еңбегі жоғары деңгейде бағаланды. Қазақстан Республикасының жоғары білім мен ғылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі және ел игілігі жолындағы мінсіз қызметі үшін Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамоталарымен әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының профессоры Венера Равиловна Зарубина, энергетика және машина жасау кафедрасының қауымдастырылған профессоры Татьяна Витальевна Бедыч, персоналды басқару қызметінің басшысы Динара Капановна Ермагамбетова, спорттық-сауықтыру кешенінің директоры Татьяна Александровна Чернышова марапатталды. ҚИнЭУ ұжымы қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны және Наурыз мейрамына арналған іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысқаны үшін Қостанай қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. «Digital AgroLeaders - 2026» студенттік байқауын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін стандарттау және тағам технологиялары кафедрасының меңгерушісі Жадыра Жағыпарқызы Назарова «Евразия Групп Қазақстан» ЖШС департаменті директорының алғыс хатымен марапатталды. «Мемлекеттік басқарудағы генеративті интеллект» авторлық курсын өткізгені және өңірді цифрландыруға қосқан сараптамалық үлесі үшін ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының аға оқытушылары Мадина Даулетжанқызы Мусина мен Динара Төленғалиқызы Алдашеваға Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясы басшылығының алғыс хаттары табысталды. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Гүлзия Қабжанқызы Ескатова ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысына белсенді қатысқаны және баяндама жасағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Оқытушының кәсібилігі оның шәкірттерінің жетістіктерінен көрініс табады. Республикалық «1000 дарынды бала» олимпиадасында ағылшын тілі пәні бойынша II дәрежелі дипломдармен Кирилл Коломиец пен Виктория Лукьяненко марапатталды. Сондай-ақ бүгін физика пәні бойынша республикалық олимпиадада жоғары білім деңгейін көрсеткен Юлия Артемчук I дәрежелі дипломмен, Әсемгүл Аманбаева -II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаздардыбұл олимпиадаға дайындаған профессор Жеңіс-Нұры Мырзатайұлы Кужукеевтың үлесі зор. Қазақ тілі пәні бойынша республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен – Ангелина Капорикова, Аружан Усупова, Айнелла Даушева (I дәрежелі диплом), Владислав Акулов (II дәрежелі диплом), Кирилл Сайко (III дәрежелі диплом) cахнаға шықты. Орыс тілі пәні бойынша республикалық олимпиадада Айгерім Жұмабекова II орын, Арайлым Орынбасар, Динасыл Нұрбол, Асия Архабай III орын алғандары үшін марапатталды. Ғылыми жетекшісі – Жеңісгүл Мұратқызы Жұмаш. Қазақ тілі пәні бойынша республикалық олимпиадада I дәрежелі дипломдармен марапатталғандар: Әсемгүл Аманбаева, Александр Трефилов, Ануар Дакишов, Юлия Артемчук, Екатерина Никитенко, Станислав Рейфшнейдер, Томирис Валеева, Диас Сембі, Алексей Петров, Данил Постников, Дмитрий Степаненко, Дмитрий Шрайнер. Ғылыми жетекшілері – Айгүл Танатканқызы Фазылахметова және Гүлмира Дауылбайқызы Жандарбекова ерекше ықыласқа ие болды. Карина Казачук «Туған өлке – жас ұрпақ бастамаларының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясынының II дәрежелі дипломмен марапатталды. Оның ғылыми жетекшісі Райхана Қазиқанқызы Абдрахманова алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар Карина Казачук «Көлік бизнесі және логистика: дамудың өзекті аспектілері» атты IV Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференциясында «Үздік баяндама» номинациясының жеңімпазы атанды. Ғылыми жетекшісі -- аға оқытушы Лейла Асимовна Войцеховская. Сондай-ақ бүгін зияткерлік агрохакатонда III орын иеленген Никита Кожахметов, Карина Казачук және Ажар Нұрмағамбетова да марапатталды. Баршаңызды лайықты марапаттарыңызбен құттықтаймыз!
28 сәуір 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии