Халықтық Конституция - ұлттық құндылықтар мен бірліктің айнасы
Бүгін Қостанайда «Халықтық Конституция - ұлттық құндылықтар мен бірліктің айнасы» тақырыбында сараптамалық алаң өз жұмысын жүргізді.
Іс-шараға өңірлік сарапшылар, ғылыми қауымдастық өкілдері, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов пен ректор Арман Оразалиұлы Исмаилов қатысты.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов Конституция мемлекеттілікті нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, сондай-ақ экономика, ғылым, білім беру және инновацияларды дамытудағы рөлін ерекше атап өтті.
Сараптамалық алаң жұмысы аясында Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Дархан Серікұлы Ахметов, осы кафедраның аға оқытушысы Виктория Викторовна Шерниязова және жастар саясаты департаментінің директоры Шолпан Қанатқызы Ибраева Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын сапалы дайындауға, жалпыұлттық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге айрықша атсалысқаны үшін, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен игі бастамаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.
Құттықтаймыз, әріптестер!
https://www.instagram.com/reel/DXrktocjJIf/?igsh=MWQ5N2llb3l2bTh4Mw==
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии