Отан қорғаушыларға арналады
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде біздің батыл да ержүрек азаматтарымызға арналған мерекелік іс-шара өтті. Дәстүрлі құттықтаулардың орнына қатысушыларды нағыз квест күтті. Әр кафедра жылдамдық пен креативтілікті талап ететін қызықты сынақтар дайындады. ️Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы қатысушыларға танымал мемдерді қайталап, скотч, қағаз және түрлі түсті қаламның көмегімен әйелдің «мінсіз бейнесін» жасауды ұсынды. Ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасы қағаз ұшақтарды ұшыру сайысын ұйымдастырды. Ал стандарттау және тағам технологиялары кафедрасы математикалық тапсырма ұсынып, қатысушылардың жылдам ойлау қабілетін сынады. Сонымен қатар, бір сөйлемді әртүрлі көңіл күйде - қуанышты, ашулы және мұңды түрде қайталау тапсырмасы берілді. Бұл тапсырмаларды қатысушылардың барлығы мүлтіксіз орындады. Көлік және кафедрасы «Ақиқат па, әлде жалған ба?» ойынын өткізіп, ер-азаматтардың әйелдер психологиясын қаншалықты білетінін көрсетті. Ал энергетика және машина жасау кафедрасы ең креативті тапсырмалардың бірін ұсынды. Көзді жұмып, автоматтың орнына қол еттартқышты құрастыру. Бұл сайыста әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Дархан Ахметов жеңді. Оның орнатқан нәтижесі - 37 секунд. Нағыз рекорд! Іс-шара ән мен биге, байқауларға, жылы тілек-лебіздерге толы мерекелік концертпен аяқталды. Әрине, ешкім сыйлықсыз қалмады. Қатысушыларға сыйлықтар, сондай-ақ серіктесіміз - @sushi.kostanay.leader сертификаттары табысталды. Мереке құтты болсын, біздің Отан қорғаушыларымыз!
6 мамыр 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии