Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Төркіндеу салтын жаңғыртып

Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің делегациясы бұл күндері Тобыл-Торғай өңірінде қонақта. Бүгін ардақты аналар Қостанай инженерлік-экономикалық университетіне ат басын тіреді. Қадірлі қонақтарды қазақы қонақжайлылықпен қарсы алдық. Сапардың негізгі мақсаты - төркіндеу салтын жаңғырту. Делегация құрамындағы Аналар кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова – біздің жерлесіміз. Ол кіндік қаны тамған жерге арнайы төркіндеп келді. Қасында шашбауын көтеріп, ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері Нәзипа Шанаи, Қымбат Досжан, Баян Ахатай, Ботагөз Ақтаева, Хадиша Ерсейітова еріп келген. -Туған жерімізде, туған топырағымызда еңбек етіп, елімізді өркендетіп жатқан жерлестерімді көргеніме қуаныштымын, – деді Камал Әлпейісова. - Қазақтың қыз баланы құрметтейтін әдемі дәстүрлерінің бірі – төркіндеу салты. Ұмытыла бастаған бұл салт бүгінде қайта жаңғырып келеді. Оған бастамашы болып отырған – Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі. Қай жерде дүниеге келді, қай жерде кіндік қаны тамды – сол жерге ұзатылған қызды ана, әже ретінде алып келу - тәрбиелік мәні зор тағылымды дәстүр. Сонымен қатар ол өңірдегі этностар арасындағы татулық пен достыққа ерекше тоқталды. – Жерлестерімнің ғылымда, спортта, өнерде жеткен жетістіктеріне әрдайым қуанамын. Ал осы өңірде түрлі этностардың тату-тәтті өмір сүріп жатқаны – ең үлкен жетістіктердің бірі. Біздің ниетіміз дұрыс болған екен, осындай мерекелік іс-шараға сәйкес келіппіз, – деді ол. – Аналар абыройын асқақтатып, отбасы құндылықтары мен ұлт тәрбиесінің темірқазығына айналған Аналар кеңесін ұлт руханиятының қара шаңырағында қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе, – деді университет президенті Рихсибай Абдурахманұлы. Кездесу барысында Камал Әбілқасымқызы университет ұжымына Қазақстанда мекендейтін этностардың музыкалық шығармалары жинақталған арнайы туындыны сыйға тартты. Қонақтар университет ұжымына ақжарма тілектерін білдіріп: – Еңбектеріңіз еселене берсін, университеттеріңіз көркейе берсін! – деп ізгі ниеттерін жеткізді.

21 мамыр 2026 жыл. 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы