Достық шаңырағы астындағы береке
Ән мен күйі әуелеп, ақ дастарханы жайылған «Достық дастарқаны» мерекелік іс-шарасы ҚИнЭУ-де ерекше сән-салтанатымен дүркіретіп аталып өтті. Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы, ҚИнЭУ жоғары кәсіпкерлік колледжі және Қостанай облысының өзбек этномәдени бірлестігі бірлесе ұйымдастырған мерекелік шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңесі, облысымыздағы этномәдени бірлестіктер мен мәртебелі меймандар қатысты. Оқу ордамыздың кең ауласында шаттық пен думанның лебі есіп тұрды. Ақшаңқай киіз үй тігіліп, қазан-ошақтар орнатылып, ұлттық тағамдар, көжемен мен палау дайындалды. Университет кафедралары мен жоғары кәсіпкерлік колледж ұжымы түрлі этностардың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін көпшілікке кеңінен таныстырды. Мерекелік іс-шара барысында сексеннің сеңгіріне шыққан Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ардақты ұстаз әрі қоғам қайраткері Қалқаман Хасенұлы мерейлі мерейтойымен құттықталып, иығына шапан жабылды. ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов іс-шараны қолдап келген барша қонақтарға және оқу ордамыздың ұжымына алғыс білдірді. Қалқаман Хасенұлы елдегі татулық пен ынтымақтастықты айрықша атап өтті және осындай тағылымды шаралардың куәгері болғанына университет басшылығына ризашылығын білдірді. ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Камал Әбілқасымқызы да осындай шарада жерлестірмен қауышқанына қуанышты екенін жеткізді. Мерекелік іс-шара аясында екі күнге жалғасқан облыстық этномәдени бірлестіктер арасындағы спартакиаданың жеңімпаздары марапатталды. Бұл додада ең алдымен достық жеңді. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, әсем ән мен мың бұралған би көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қонақтар достық дастарқанынан дәм татып, мерекенің береке мен бірлікке үндейтін ерекше рухын сезінді. Ұлттар достығын ұлықтап, сан түрлі мәдениетті тоғыстырған мерейлі мереке еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың көрінісіне айналды.
21 мамыр 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии