Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Үздік партияға - үздік кадрлар

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында «AMANAT» партиясы жанындағы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен «AMANAT: Үздік партияға - үздік кадрлар» атты модульдік семинары өз жұмысын бастады.

Оқу бағдарламасына Қостанай облысынан 130-ға жуық адам қатысуда. Олардың қатарында облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының мүшелері бар.

«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Кәкімжанұлы Досмұхамедовтың айтуынша, жоба партия төрағасы Ерлан Қошановтың бастамасымен жүзеге асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты - қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында тиімді жұмыс істей алатын, жоғары қоғамдық жауапкершілікке ие және азаматтардың сұраныстарына жедел жауап беретін жаңа форматтағы басқарушы кадрлар корпусын қалыптастыру.
- Мемлекет басшысы сапалы мемлекеттік басқару ең алдымен сапалы кадрларды даярлаудан басталатынын бірнеше рет атап өтті.

Сондықтан бүгінде халықтың үнін ести алатын, жауапты шешім қабылдайтын және өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын жаңа буын басшыларға сұраныс жоғары, - деді Алмат Досмұхамедов.

Үш күнге жоспарланған оқу бағдарламасы аясында қатысушылар көшбасшылық және құндылықтық бағдарлар, өңірлік даму, салық және бюджет саясаты, коммуникациялар, сондай-ақ саяси науқандарды ұйымдастыру мен жүргізу бағыттары бойынша білім алады.

Аталған білім беру бағдарламасы көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, стратегиялық ойлау, басқару және халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Жоба нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар мен партия активі өкілдерінің кәсіби әлеуеті артып, өңірдегі басқарушылық кадрлардың сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп күтілуде.

1 маусым 2026 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы