Цифрландыру дәуіріндегі мансап
Бүгін М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде тұрақты түрде өткізілетін дәстүрлі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы мен білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Биылғы шара «Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі мансап» тақырыбына арналды. Бұл - Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылған маңызды кәсіби кездесу.
Жәрмеңкеге Қостанай қаласының колледждерінен 400-ден астам студент, КИнЭУ-дің 200-ге жуық студенті және өңірдің 40-тан астам кәсіпорны қатысты. Ұйымдастырылған шарада өңірдегі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер бос жұмыс орындарын ұсынып, жастарға мансаптық бағыт-бағдар берді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты - жастарды еңбек нарығындағы мүмкіндіктермен таныстырып қана қоймай, студенттер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнату.
Жәрмеңкеде қатысушылар үшін жұмысқа орналасу тақырыбында ойын ұйымдастырылды. Студенттер сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Белсенді қатысушыларға Tiande компаниясының, «Алена Бендер» әшекейлер бұйымдары , « BestKZ» ЖШС және басқа да демеушілердің сыйлықтары табысталды.
Іс-шарада студенттер бос жұмыс орындарымен танысып, еңбек жағдайларын сұрап, кәсіби өсу мүмкіндіктерін талқылады. Ал компания өкілдері жас мамандарға қойылатын талаптар мен бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар туралы айтып берді.
Бүгінгі жәрмеңке – білім мен бизнестің түйісер тұсы, кәсіби болашақтың бастау алаңы. Мұнда өңірдің еңбек нарығы мен жас буынның мүдделері ұштасып, ортақ мақсатқа қызмет етеді.
6 қазан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей