Жас маман және жаңа технологиялар
Бүгінде еңбек нарығы ерекше жылдам өзгеріп жатыр. Жаңа мамандықтар пайда болып, мамандарға қойылатын талаптар түрленуде. Ал цифрлық дағдылар кәсіби даярлықтың маңызды бөлігіне айналды.
Осы мәселелер Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің көшпелі отырысында талқыланды. Кездесудің негізгі тақырыбы - цифрландыру және жасанды интеллект жағдайында жас мамандардың құзыреттеріне қойылатын заманауи талаптар.
«KIA Qazaqstan» ЖШС оқу орталығының бас маманы Бақытжұлдыз Успановна Елибаеваның айтуынша, қазіргі маман тек өз кәсібін жақсы меңгеріп қана қоймай, технологиялық процестерді де түсінуі қажет. Себебі роботтандыру мен бағдарламалау өндірістің ажырамас бөлігіне айналып келеді.
- Заманауи автомобиль зауыты - роботтандырылған жүйелер, жарық схемалары мен заманауи жабдықтар қолданылатын автоматтандырылған өндірістік орта. Біз үшін түлектің техникалық тұрғыдан сауатты болуы маңызды. Оның кәсіби базасы жақсы, жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын, қауіпсіздік пен сапаның маңызын түсінетін маман болғанын қалаймыз, - деді Бақытжұлдыз Елибаева.
Цифрландыру тек өнеркәсіп саласын ғана емес, ауыл шаруашылығын да өзгертіп жатыр.
«Eurasia Farm Innovations» ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бүгінде заманауи смарт-технологияларды қолданып келеді. Кәсіпорын өкілі Олжас Қайратұлы Бисетаевтың айтуынша, цифрлық шешімдер ауыл шаруашылығына деген қалыптасқан көзқарасты да өзгертуде.
Қазір шаруашылықта жұмыс процестерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін жеті цифрлық платформа қолданылады.
-Қазіргі таңда фермер қандай да бір техниканы сатып алғанда, оның сенімділігімен қатар, цифрлық шешімдердің болғанына да мән береді. Кадр тапшылығы мен жастардың біздің салаға деген қызығушылығының төмен екені анық. Сондықтан бүгінде бізге агроном ғана емес, заманауи технологияларды енгізуге дайын IT-мамандары да қажет. Ал жастардың мұндай технологияларды меңгеруі жақсы, - деп атап өтті Олжас Бисетаев.
Ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының меңгерушісі Динара Туленгалиевна Алдашева университетте мамандар даярланатын білім беру бағдарламаларына тоқталды.
- Бүгінгі күні автоматика, IT-технологиялар, жасанды интеллект бағыттары өте қарқынды дамып келеді. Даму өте жылдам жүріп жатыр. Сондықтан білім беру бағдарламалары да еңбек нарығындағы өзгерістерге сай болуы керек, - деді ол.
Отырыста жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қатысуы, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, дуальды оқыту, тағылымдамадан өту және кәсіби сынақтар мәселелері де талқыланды.
Бүгінгі талқылаудың негізгі түйіні де осы - еңбек нарығы өзгерген сайын маман даярлау тәсілі де соған сай жаңаруы тиіс.
6 қазан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей