ҚИнЭУ кубогы - №2 лицей еншісінде
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде спорттық бәсеке қыза түсті. Екінші күн қатарынан университет қабырғасында жастардың жігері мен шеберлігі сынға түсуде. Бүгін мұнда Қостанай облысы мектептерінің 9-11-сынып оқушылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарысты университеттің маркетинг және коммуникациялар бөлімі ұйымдастырды.
Турнирде қостанайлық сегіз мектептің құрамалары бақ сынады. Атап айтқанда, № 6, 7, 15, 16, 19, 31 жалпы білім беретін мектептерінің, № 2 мектеп-лицейінің және С. Мәуленов атындағы гимназияның командалары жеңіс үшін күресті.
Жарыс басталар алдында ҚИнЭУ-дің ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректоры Нұргүл Қалиқызы Удербаева мен спорттық-сауықтыру кешенінің директоры Татьяна Александровна Чернышова қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңіске деген жігерлерін шыңдауға және жарақатсыз ойын өткізуге тілек білдірді.
Теңбіл доп додасы екі топ бойынша өтті. Алғашқы минуттардан-ақ командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Жылдам шабуылдар, дәл пастар мен қақпаға бағытталған соққылар көрермендердің қызығушылығын арттырды.
Финалдық кездесуде турнирдің ең мықты екі команлары - С. Мәуленов атындағы гимназия мен № 2 мектеп-лицейі кездесті.
Нәтижесінде турнирдің бас жүлдесі - ҚИнЭУ кубогы № 2 мектеп-лицейінің командасына бұйырды. С. Мәуленов атындағы гимназия екінші орынға ие болса, № 31 жалпы білім беретін мектептің командасы үздік үштікті түйіндеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және ҚИнЭУ-де оқудың алғашқы жылына 100% жеңілдік беретін сертификаттармен марапатталды.
Турнирге қатысқан барлық командаларға әдемі ойын, табанды күрес және жарқын эмоциялар үшін алғыс айтамыз.
09.10.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей