Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Діни сауаттылық

Бүгін ҚИнЭУ-де діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының Діни мәселелерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Екатерина Петровна Белашова қатысты.

Кездесу барысында жастар арасында деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, азаматтарды заңсыз әрекеттерге тарту тәсілдері және радикалды идеологияның ықпалынан қорғану жолдары талқыланды.

Екатерина Белашова жастарды теріс діни ағымдарға тарту үшін қолданылатын әдістерге кеңінен тоқталды. Оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы психологиялық ықпал ету, интернет-форумдарда манипуляция жасау, сондай-ақ оңай әрі жылдам табыс табуға уәде беру сияқты тәсілдер бар.

Сонымен қатар студенттерге интернеттегі күмәнді ақпарат көздерін ажырату, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және бейтаныс адамдармен онлайн қарым-қатынас кезінде сақ болу қажеттігі түсіндірілді.

Кездесуде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтті. Студенттер тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенділік танытты және өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

13.10.2026

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы