Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Тартысты бәсеке, жарқын жеңіс

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде волейболдан тартысты спорттық дода өтті. Жарысқа Рудный қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің, Мендіқара ауданы білім бөлімінің А.Чутаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының, Қостанай ауданы білім бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің, Жітіқара ауданының құрамасы және Қостанай қаласы білім бөлімнінің №30 және №32 жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың ашылу салтанатында ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректор Нұргүл Қалиқызы Удербаева сәттілік тілеп, жеңіске деген жігерлеріне сенім білдірді.

Жастар ойын арқылы шеберліктерін шыңдап, жеңіске деген жігерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін қалыптастырды.

Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ұйымдастырылған турнир барысында ҚИнЭУ қабылдау комиссиясы өкілдері университеттің білім беру бағдарламалары, мүмкіндіктері туралы ақпарат та беріп үлгерді.

Әр команда жеңіске жету үшін бар күшін салды. Дегенмен, спорта жеңіліс пен жеңіс қатар жүреді.

Бүгінгі турнир қорытындысы:
1 орын –Жітіқара ауданының құрамасы
2 орын – Қостанай қаласы білім бөлімнінің №32 жалпы білім беретін мектебі
3 орын – Қостанай ауданы білім бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі

Жеңімпаз мектепке ҚИнЭУ кубогы, медальдар, мадақтамалар мен біздің университетте 1 жыл бойы 100% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификаттар табысталды. Жүлделі командалар да осындай марапаттарға ие болды.

Волейбол турнирін ұйымдастырған ҚИнЭУ маркетинг және коммуникациялар бөлімі барша командаларға алғыс білдіреді. Сондай-ақ жарысты ұйымдастыруда қолдау білдерген ҚИнЭУ спорт-сауықтыру кешені мен жастар саясаты департаментіне ризашылығын білдіреді.

8 қазан 2026 жыл 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы