Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ҚИнЭУ-дегі Хогвартс сиқыры!

Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде студенттер қатарына қабылдау рәсімі сиқырға толы ғажайып атмосферада өтті. Бірінші курс студенттеріне үлгі болатын жоғары курс студенттері олар үшін ерекше рәсім ұйымдастырып, университеттің студенттері атануына жол ашты.

Осы кеште университет қабырғалары аңызға айналған Хогвартсқа айналғандай болды. «Гарри Поттер» хикасындағы жас сиқыршылар секілді, біздің бірінші курс студенттеріміз де сиқыр әлеміне бойлады. Оларды нағыз сиқырлы оқиғалар, жұмбақтар мен түрлі сынақтар күтіп тұрды.

Алдымен жас сиқыршылар Хогвартстың Гриффиндор, Слизерин, Когтевран және Пуффендуй деген төрт факультетіне бөлінді:. Содан кейін ең қызықты кезең басталды. Әр командаға тапқырлықтарын, ептіліктерін, ұйымшылдықтары мен командалық рухтарын көрсетуге тура келді.

Басты мақсат - 10 станциядан 10 құпия белгіні жинау. Әрбір тапсырма қатысушыларды көздеген мақсаттарына жақындатып, осы сиқырлы шытырман оқиғаның нағыз қаһарманы атануға мүмкіндік берді.

Барлық 10 белгіні ең жылдам жинаған команда серіктесіміз Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. және @arabica.kostanay – дың сертификаттарына ие болды. Қалған командалар да осындай сертификаттармен марапатталды.

Балмұздақтар, сынақтан сүрінбей өттіңіздер! Енді сіздер ҚИнЭУ студенті деген мәртебелі атаққа ие болдыңыздар!

 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы