ҚИнЭУ - жаңа білім бастамалары қатарында
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жеңісгүл Мұратқызы Жұмаш Астана қаласында өткен «Қарқынды өзгеріс әлеміндегі қабылдау емтихандары» (Admission Exams in a Rapidly Changing World) атты халықаралық конференцияға қатысты.
Іс-шара 16-17 қазанда Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Екі күнге созылған конференцияға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Түркия және басқа да елдердің сарапшылары мен білім беру саласының өкілдері қатысты. Қатысушылар қабылдау емтихандарын жетілдіру, тестілеудің заманауи тәсілдері, білім сапасын бағалау және талапкерлерді іріктеудің тиімді тетіктері жөнінде пікір алмасты.
Конференцияның басты тақырыптарының бірі – Қазақстанда әзірленіп жатқан жаңа буын қабылдау емтиханы Admissions Insight Test (AIT) жобасы болды. Жаңа тест талапкерлердің мектеп бағдарламасы бойынша алған білімін бағалаумен қатар, олардың сыни ойлау, академиялық жазу, зерттеу және коммуникациялық дағдыларын, цифрлық сауаттылығын және ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған.
Конференция барысында AIT жобасының негізгі тұжырымдамасы, бағалау бағыттары, қолданыстағы қабылдау емтихандарынан ерекшеліктері және оны кезең-кезеңімен енгізу мәселелері таныстырылды. Сонымен қатар халықаралық тәжірибе, білім беру стандарттарын жетілдіру және бағалау нәтижелерін басқарушылық шешімдер қабылдауда пайдалану мәселелері талқыланды.
Конференцияға қатысу университет үшін жаңа қабылдау жүйесінің даму бағыттарымен танысуға, халықаралық тәжірибені зерделеуге және болашақта талапкерлерді іріктеу үдерісін жетілдірудің ықтимал жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей