Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Камера, мотор, алғашқы премьера

Бүгін университетіміз нағыз киностудияға айналды. Голливуд жұлдыздары мен миллиондаған бюджет болмаса да, мұнда шынайы эмоциялар, күтпеген сюжеттік бұрылыстар мен жарқын қойылымдар болды. Басты рөлде - бірінші курс студенттері.

Бірінші курс студенттері режиссерлердің, сценаристердің және өз оқиғаларының басты кейіпкерлерінің рөлін сомдады. Бәлкім, бүгін біз болашақ кино жұлдыздарының алғашқы қадамдарына куә болған шығармыз.

Бірінші кезеңде қатысушылар көпшілікке танымал фильмдерді сахналады. Энергетика және машина жасау кафедрасы «Синистер» қорқынышты фильмін ұсынса, көлік және сервис кафедрасы «Қара киімді адамдар» фантастикасын сахналады. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы «Коконың құпиясы» анимациялық фильмінің атмосферасын жеткізді. Стандарттау және тағам технологиялары кафедрасы «Келинка Сабина» комедиясын ұсынды. Ал ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасы көрермендерді «Титаник» фильмінің әсерлі әлеміне жетеледі.

Әр команда өзіне тән ерекшелігімен көзге түсіп, шығармашылық әлеуетін көрсетті.

Екінші кезеңде қатысушылар өнерлерін ортаға салды. Ән мен би, сахналық қойылымдар - барлығы көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ал үшінші кезеңде қатысушыларға фильмдердегі көріністерді қайта жаңғырту міндеті жүктелді. Бұл кезеңде актерлік шеберлік, сахналық мәнер, командалық үйлесім мен шығармашылық шешімдер сынға түсті.

Қойылымдардың деңгейі - КЕРЕМЕТ!

Қойылымдар қызу қолдау мен ерекше эмоцияға толы болды. Көрермендер де байқаудың белсенді қатысушысына айналды. QR-код арқылы дауыс беріп, «Көрермен көзайымы» номинациясының жеңімпазын өздері таңдады.

Байқау қорытындысы бойынша үздіктер бірнеше номинацияда марапатталды:
Үздік актерлік ансамбль -ақпараттық технологиялар мен автоматика кафедрасы.
Үздік сахналық образ - көлік және сервис кафедрасы.
Үздік режиссерлік шешім- энергетика және машина жасау кафедрасы.
Көрермен көзайымы - әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы.
Ең шығармашыл команда - стандарттау және тағам технологиялары кафедрасы.


Ал байқаудың ең жоғары марапаты - Гран-приді әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы жеңіп алды.

"Студенттік дебют-2026" байкауының жеңімпаздары мен қатысушылары тұрақты серіктестеріміз - @zodiac_sinema_kostanay, @sushi.kostanay.leader, @arabica.kostanay-дың арнайы сертификаттарымен марапатталды. Ең үздік актер номинациясының иегерлеріне әнші BONAPART-тың концертіне билеттер табысталды.

Бірінші курс студенттері, сендер бізге бірден ұнадыңдар! Харизмаларыңмен, белсенділіктеріңмен және университеттегі алғашқы күндерден бастап тек оқуда ғана емес, шығармашылықта да өздеріңді көрсете білгендеріңмен ерекшелендіңдер!
Осы қарқыннан таймаңдар! Өйткені бұл - университеттегі үлкен тарихтарыңның бастауы ғана!
Камера, мотор… Студенттік өмір жалғасуда!

 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы