Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Адалдық – басты қағида

Адалдық – басты қағида

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері ҚИнЭУ студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының маманы Бағдат Агибаевич Капышев білім алушылармен адалдық пен парасаттылық тақырыбында пікір алмасты.

Іс-шара аясында жеке жауапкершілік, заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік сияқты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар спикер «Таза Қазақстан», «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» қағидаттарының мәні мен маңызын түсіндірді.

Маман «Таза Қазақстан» қағидатының мәні тек сенбіліктер өткізу мен аумақтарды тазалаумен шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастаманың астарында адамның ішкі тазалығымен, адал ниетімен және адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты терең мағына жатыр. Әрбір азамат адал әрі жауапты болуы керек.

- Заң мен тәртіп» қағидаты - құқықтық мемлекеттің іргетасы және азаматтардың қоғамдық және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі алғышарты. Ал «Адал азамат» қағидаты озық және әділетті қоғамның негізі болатын құндылықтар мен идеяларды айқындайды, - деп атап өтті спикер.

Кездесудің негізгі мақсаты - студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын нығайту.

 

20 қазан 2026 жыл 

Адалдық – басты қағида

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы