Конституция - ел тірегі
Бүгін М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының маманы Бағдат Агибаевич Капышев студенттермен кездесті.
Кездесу барысында департамент өкілі адалдық, парасаттылық және жеке жауапкершілік мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызын түсіндірді.
Адалдық пен парасаттылық Конституцияда бекітілген «Заң және Тәртіп» қағидатымен тығыз байланысты. Конституцияның 36-бабына сәйкес әрбір адам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Адал болу - заңды сақтау, өз міндетіне жауапкершілікпен қарау, өзгенің құқығын құрметтеу және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік таныту. Әділетті Қазақстанды қалыптастыру әр азаматтың осындай саналы таңдауынан басталады.
21 қазан 2026 жыл
Новости партнеров
Банк идей