American Corner – ҚИнЭУ-де қонақта
Бүгін ҚИнЭУ-де American Corner Kostanay орталығының өкілдерімен бірлесіп, «Discover America: Holidays and Traditions» атты интерактивті кездесуі өтті.
Ресурстық орталықтың үйлестірушісі Томирис Зулкарнаева студенттерге American Corner Kostanay орталығының қызметі мен миссиясы туралы, сондай-ақ орталықта және одан тыс жерлерде тұрақты түрде ұйымдастырылатын іс-шаралар жайында айтып берді.
Кездесу барысында студенттер америкалық бұрыштың Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы базасында 17 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын білді. Мұнда ағылшын тілін жетілдіруге, сөйлеу дағдыларын дамытуға және өзге елдердің мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін түрлі танымдық іс-шаралар мен тіл иелерімен кездесулер өткізіледі.
🇺🇸Бүгінгі кездесудің арнайы қонағы - америкалық Александр Дворниковский. Ол Fulbright бағдарламасы аясында Қостанай қаласында екінші жыл жұмыс істеп келеді. Александр Қазақстандағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, АҚШ-тың мәдениеті, салт-дәстүрлері мен мерекелері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ студенттердің сұрақтарына жауап беріп, еркін пікір алмасты.
ҚИнЭУ студенттері ағылшын тілін жетік меңгергенін көрсетіп, Александрмен еркін сөйлесіп, қызықтырған сұрақтарын қоя білді.
Америкалық мәдениетпен танысу мұнымен аяқталмайды. American Corner Kostanay өкілдері студенттерді орталыққа қонаққа шақырды. Енді олар ағылшын тілінде еркін сөйлесіп, жаңа білім алып, қызықты кездесулерге қатыса алады. Ендеше, ағылшын тілін бірге үйреніп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашайық!
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей