Екінші маусым аяқталды. Үйге қайтамыз!
ҚИнЭУ студенттері екінші жыл қатарынан Польшада академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алып, өндірістік тәжірибеден өтуде. Биылғы алты айлық жоба да өз мәресіне жетті.
Польшада біздің студенттер көкөніс өндіруге маманданған еуропалық Green Crops компаниясында тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар олар Цеханув қаласындағы Игнатий Мостицкий (Państwowa Akademia Nauk Stosowanych im. Ignacego Mościckiego w Ciechanowie) атындағы Мемлекеттік қолданбалы ғылымдар академиясында білім алып, сапа менеджменті жүйесін меңгерді және көкөніс өндіру технологиялары бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты.
🇵🇱Студенттеріміз оқу мен жұмысты қатар алып жүріп, бос уақыттарын да тиімді пайдаланды. Демалыс күндері Еуропаның көрікті жерлерімен танысып, жаңа достар тапты. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінен келген студенттермен жақын араласып, халықаралық достық байланыстарын нығайтты.
Жоба үйлестірушілері студенттердің Польшада жинақтаған тәжірибесі олардың кәсіби дамуына серпін беріп, болашақта ел экономикасының дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенім білдіреді.
Алты айлық тәжірибе аяқталды. Жаңа білім мен жарқын әсерлерге бөленген ҚИнЭУ студенттері туған елге оралмақшы. Ал біз олардың Польшадағы қызықты оқиғалары мен алған әсерлерін естуге асықпыз.
https://www.instagram.com/reel/DfFA8uHM2i5/?dlrf=MTBpbWlvbDFoZ2J0ZA==
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей