Лисаковтан Әйетке дейін
Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының оқытушылары Қостанай облысының мектептері мен колледждерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастыруда.
Күні кеше университет профессоры Раиса Алексеевна Притула Лисаков қаласына барып, қаланың жеті мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары және студенттерге жасалған мүмкіндіктер жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар Октябрьский кентінің оқушыларымен де жүздесті. Раиса Алексеевна болашақта оларды университет қабырғасында, өз дәрістерінде студент ретінде көргісі келетінін жеткізді.
Бүгін кәсіби бағдар беру жұмыстары Б. Майлин атындағы ауданда жалғасты. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлмира Бутановна Сарсембаева мен кафедра меңгерушісі Татьяна Кенжебековна Острянина Әйет ауылы мен Тобыл кентіндегі мектептерге барды.
Кездесу барысында оқушыларға университет пен колледждің білім беру бағдарламалары таныстырылды. Сондай-ақ өндірістік тәжірибеден өту, Еуропадағы ғылыми тағылымдамаларға қатысу, университеттің ғылыми қызметі, білім гранттары мен оқу ақысына берілетін жеңілдіктер туралы ақпарат берілді. Кәсіби бағдар беру жұмысына шамамен 170-тен астам оқушы қатысты.
Сонымен қатар кафедра оқытушысы Фатима Александровна Крупенкина Қостанай гуманитарлық колледжінің білім алушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
06.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей