Цифрлық трансформация және стратегиялық әріптестік
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «DIGITAL BRIDGE: Цифрлық трансформация және стратегиялық әріптестік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында, сондай-ақ Қазақстанда 10 қарашада атап өтілетін Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай өткізілді.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, білім беру ұйымдарының өкілдері мен IT мамандары қатысып, өңірдегі цифрлық трансформацияның өзекті мәселелері мен цифрлық экожүйені дамытудың перспективаларын талқылады.
Жиынды ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректор Нұргүл Қалиевна Удербаева ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Ол университетте жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Қостанай облысы әкімдігі Ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының цифрландыру бөлімінің басшысы Асхат Рамазанович Есешев өңірдегі цифрлық даму мәселелеріне тоқталды. Ол қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, алдағы жоспарлармен де бөлісті.
- Бүгінде цифрлық трансформация өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың біріне айналды. Қостанай облысы үшін цифрландыру - жалпыұлттық міндеттерді орындау ғана емес. Бұл дәстүрлі экономика салаларының тиімділігін арттыруға, жаңа даму мүмкіндіктерін ашуға және бәсекеге қабілетті экожүйе қалыптастыруға жол ашады. Жаңа технологияларды экономиканың нақты секторына енгізу өңіріміздің дамуына тың серпін беруі тиіс, - деп атап өтті Асхат Есешев.
Qostanai Hub директоры Дамир Дулатович Мнайдров өңірдегі IT- экожүйенің дамуы туралы әңгімеледі. Ал «Cyber Bastion» ЖШС бас директоры Ұлан Кубанычбекович Саламатов цифрландырумен қатар ақпараттық қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Оның баяндамасы «Қорғаныссыз цифрландыру - тәуекел» тақырыбына арналды.
Дөңгелек үстел барысында университет студенттерінің өз жобаларын таныстыруы да қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Рустем Дарушканов мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Aisha Kids» қосымшасының жасалу тарихымен бөлісіп, оны әзірлеу барысы мен жобаны одан әрі дамыту жоспарлары туралы айтып берді.
Қосымша сынақтан өткізілген «Бес үйрек» білім беру орталығының құрылтайшысы Қарлыға Қажиакпаровна Умарова студенттің бастамасын қолдайтынын және жобаны өз мекемесінің жұмысына енгізуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар Карина Казачук, Ажар Нурмагамбетова және Никита Кожахметов өздерінің цифрлық әзірлемесін таныстырды. Студенттер пластик қалдықтарын жинауға арналған контейнерлердің толу деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа әзірлеген. Жоба қалдықтарды жинау мен сұрыптау үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Кездесу барысында қатысушылар өңірдегі цифрлық трансформацияның басым бағыттарын, жасанды интеллект технологияларын енгізу мүмкіндіктерін және еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауда білім беру ұйымдарының рөлін талқылады.
Әсіресе университеттердің, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің өзара байланысын нығайту маңызды екені атап өтілді. Өйткені алдағы уақытта жоғары оқу орындарының өңірдің цифрлық даму стратегиясын жүзеге асырудағы рөлі арта түспек. Бүгінде жасанды интеллект туралы білім тек IT мамандарына ғана қажет емес. Ол біртіндеп экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін болашақ мамандардың маңызды кәсіби құзыреттерінің біріне айналып келеді.
05.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей