Кәсіпкерлік негіздерін меңгеруде
ҚИнЭУ-де студенттерге арналған ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің төрағасы Александр Анатольевич Соболевтің практикалық шеберлік сабақтары жалғасуда.
Өткен аптада студенттер сарапшымен бірге бизнес-идея әзірлеп, бизнес-жоспар құруды үйренсе, бүгінгі сабақта кез келген жобаның маңызды бөлігі - қаржылық модель қарастырды.
Александр Анатольевичтің айтуынша, кез келген сәтті бизнес-идеяның негізінде нақты есеп пен сауатты қаржылық жоспарлау жатыр. Қаржылық модель жобаны іске асыруға қажетті қаражат көлемін, болжамды кірістер мен шығыстарды, оның өзін-өзі ақтау мерзімін, сондай-ақ инвестицияны қайтару немесе мемлекеттік грант қаражатын тиімді пайдалану жолдарын анықтауға көмектеседі.
Практикалық бөлімде студенттер өздерінің бизнес-жобалары бойынша кірістер мен шығыстарды есептеп, қаржылық мүмкіндіктерін бағалауға кірісті.
Шеберлік сабақтарын ҚИнЭУ-дің мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы ұйымдастыруда.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей