Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

ЖИ-ді тағылымгер ретінде пайдалану

Бүгінде ChatGPT және басқа да жасанды интеллект құралдары оқу мен жұмыста жиі қолданылады. Алайда олардың көмегімен жеке ақпаратпен бөлісу қаншалықты қауіпсіз екені туралы көпшілік ойлана бермейді.

Бұл туралы ҚИнЭУ-дің цифрлық трансформация және AI Департаментінің цифрлық шешімдерді әзірлеу және АІ бөлімінің басшысы Алмат Кушебаев студенттермен өткен кездесуде айтты.

Спикер алдымен студенттерге ChatGPT пен Claude сияқты сервистердің пайдаланушы келісімін оқыған-оқымағанын сұрады. Оның айтуынша, көпшілік нейрожеліге жеке мәліметтерін жібергенде, олардың қалай сақталып, өңделетінін ескере бермейді.

Алмат Кушебаев жасанды интеллектінің барлық сұраққа дұрыс жауап бере алмайтынын да еске салды. Ол өзіне үйретілген деректер негізінде жауап құрастырады, сондықтан кейде қателесуі мүмкін. Сол себепті ЖИ ұсынған ақпаратты міндетті түрде тексеру қажет.

Кездесуде спикер жасанды интеллектіні қолдануға қатысты мынадай кеңес берді:
-Жасанды интеллекті ұстаз емес, тағылымгер ретінде пайдаланыңыз.

Сонымен қатар Алмат Кушебаев жасанды интеллектіден бас тартудың қажеті жоқ екенін айтты. Керісінше, оны дұрыс пайдалана білген адам өз дағдыларын жетілдіріп, күрделі міндеттерді орындауға және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе алады. Ең бастысы - технологияны саналы пайдаланып, сыни ойлау қабілетін жоғалтпау.

10.11.2026

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы