Сақтықта қорлық жоқ
ҚИнЭУ студенттері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қостанай облысының Полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Азамат Багатович Жусубаев және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Аида Рустемовна Қуатовамен кездесті.
Кездесу барысында интернет-алаяқтық, дропперлер мен активаторлардың әрекеті, сондай-ақ алаяқтардың азаматтарды алдау тәсілдері талқыланды. Студенттер дропперлер туралы түсініктері бар екенін айтып, олардың алаяқтық схемаларға қалай тартылатыны жөнінде пікір алмасты.
Аида Рустемовнаның айтуынша, интернет-алаяқтар өз тәсілдерін үнемі өзгертіп отырады. Бұрын олар көбіне шетелдік нөмірлерден қоңырау шалса, қазір қазақстандық нөмірлерге хабарласу үшін активаторлардың көмегіне жүгінеді.
Кездесу соңында спикерлер студенттерге алған ақпараттарын жақындарымен бөлісіп, әсіресе ата-әжелеріне интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертуге кеңес берді.
Мұндай кездесулер университетте тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Дегенмен интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілдері көбейіп жатқандықтан, қауіпсіздік ережелерін тағы бір еске салу артық болмайды.
10.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей