Ғылым мен білім берудегі басымдықтар
М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелері: ғылым мен жоғары білімнің міндеттері мен даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында университет ректоры Арман Оразалиевич Исмаилов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ел дамуының стратегиялық басымдықтары айқындалып, білім, ғылым, инновациялар мен адами капиталды дамытуға ерекше мән берілгенін атап өтті.
– Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және жоғары технологияларға негізделген экономиканы қалыптастыру міндеттері белгіленген. Бұл бағытта жоғары білім мен ғылым жүйесіне, білікті мамандар даярлауға және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге маңызды рөл жүктеледі, – деді ректор.
Мемлекет басшысы инфрақұрылым, энергетика, цифрлық экономика және жоғары технологиялық салаларды дамытуға басымдық берді. Сонымен қатар 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау бастамасы көтерілді.
Аталған міндеттер инженерлік кадрлар даярлайтын техникалық университет үшін ерекше өзекті. Қазіргі еңбек нарығы заманауи технологияларды меңгерген, инновациялық шешімдер ұсына алатын білікті мамандарды қажет етеді. Осыған байланысты университет білім беру сапасын арттыруға, дуальды оқытуды дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге басымдық беріп отыр.
Дөңгелек үстелде цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу және студенттердің цифрлық құзыреттерін қалыптастыру мәселелері де талқыланды.
Қатысушылар ғылым мен өндіріс байланысын нығайту, жоғары білім беру жүйесін жаңғырту және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау бағытындағы өзекті мәселелерді қарастырды.
– Машина жасау саласы дамып келе жатқан Қостанай облысы үшін инженерлік кадрлардың сапалы даярлығы, инновациялық технологияларды енгізу және ғылыми әлеуетті арттыру айрықша маңызды. Бұл өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың негізгі шарттарының бірі, – деп атап өтті Арман Исмаилов.
12.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей