ҚИнЭУ-ге оқуға шақырды
Бүгін ҚИнЭУ-дің ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының өкілдері Алтынсарин ауданына барып, төрт мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кафедра меңгерушісі Динара Туленгалиевна Алдашева мен аға оқытушы Мадина Даулетжановна Мусина М. Хакимжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебінде, Ы. Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінде, сондай-ақ Силантьев және Больше-Чураков жалпы білім беретін мектептерінде болды.
Кездесу барысында оқушыларға кафедраның білім беру бағдарламалары таныстырылды. Соның ішінде дуальды оқыту жүйесі бойынша жүзеге асырылатын «Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасы және «Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект», «Автоматика және басқару», «Есептік техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» бағыттары туралы айтылды.
Оқушылардың да сұрақтары аз болмады. Олар ҰБТ-да қандай бейіндік пәндерді таңдау керектігін, болашақ IT мамандары мен бағдарламашылар нені меңгеретінін және бұл мамандықтарға бүгінгі таңда сұраныстың қаншалықты жоғары екенін сұрады.
Сонымен қатар оқытушылар ҚИнЭУ-де оқу мүмкіндіктері, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі және болашақ мамандығына қажетті кәсіби дағдыларды қалыптастыру туралы әңгімеледі.
12.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей