Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Міржақып есімі ұлықталған білім бәйгесі

Рудный қаласында 60-тан астам оқушы бас қосып, білім бәйгесінде бақ сынады. Қаланың 10-нан астам мектебінің өкілдері қатысқан Міржақып Дулатов атындағы пәндік олимпиадада оқушылар өз білімдерін саралап қана қоймай, болашақ мамандықтары мен жоғары оқу орнын таңдау жөнінде де мол ақпарат алды.

Алаш ардақтысы, ұлт зиялысы Міржақып Дулатұлының туған күніне орай ұйымдастырылған олимпиаданы Рудный қаласының білім бөлімінің М. Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектеп пен М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті бірлесіп өткізді.

Іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Абзал Әміржанұлы Ағатай мен университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жеңісгүл Мұратқызы Жұмаш қатысушыларға сәттілік тілеп, білім додасында үздіктер қатарынан көрінулеріне тілектестік білдірді.

Олимпиада басталмай тұрып, оқушылар университеттің білім беру мүмкіндіктерімен танысты. Жеңісгүл Мұратқызы талапкерлерге арналған мамандықтар, оқуға қабылдау талаптары, негізгі ҰБТ нәтижесіне қарай ұсынылатын жеңілдіктер мен білім алудың өзге де мүмкіндіктері туралы айтып берді. Кафедра меңгерушілері де өз бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын таныстырды.

Бұдан кейін қатысушылар олимпиадалық тапсырмаларды орындауға кірісті. Әрқайсысы алдын ала таңдаған бес бейіндік бағыттың бірі бойынша сынға түсті. Олар: физика және математика, информатика және математика, биология және химия, ағылшын тілі және география, география және математика. Оқушыларға 30 сұраққа жауап беру үшін бір сағат уақыт берілді.

Бір сағатқа созылған білім сайысының қорытындысы бойынша әр бағыттың үздіктері анықталды. Жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларға ҚИнЭУ-де оқудың алғашқы жылына 15, 25 және 50 пайыздық жеңілдік беретін сертификаттар табысталды.

Жүлдегерлердің қатарында Д. Қарбышев атындағы №14 мектептің оқушысы Валерия Малофеева да бар. Ол болашақта ҚИнЭУ студенті атануды көздеп, «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасына қызығушылық танытып жүр. Сондықтан жеңіп алған сертификаты оның университет таңдауына деген сенімін нығайта түскені сөзсіз.

Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін сынап, жаңа әсер алып қана қоймай, университетпен жақынырақ танысты. Ал кейбірі үшін бұл кездесу болашақ студенттік өмірге бастар алғашқы қадам болуы әбден мүмкін.

Білім додасын жоғары деңгейде ұйымдастырып, қонақтарға жылы қабылдау көрсеткен Рудный қаласының М. Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымына алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да әріптестік байланысымыз нығая түседі деп сенеміз.

25.11.2026

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы