Өндіріс тынысымен танысты
Бүгін, 26 қарашада «Көлік және сервис» кафедрасының оқытушылары «Көлік, көліктік техника және технологиялар» және «Логистика» білім беру бағдарламаларының студенттерімен бірге өңірдегі ірі машина жасау кәсіпорындардың бірі – «СарыарқаАвтоПром» ЖШС зауытына барды.
Экскурсия барысында болашақ инженерлер мен логисттер заманауи автомобиль жасаудық толық циклін көріп, кәсіпорынның өндірістік ағындары мен ішкі логистикасын ұйымдастырумен танысты. Сондай-ақ жас мамандарға қойылатын талаптар туралы да білді.
Мұндай көшпелі сабақтар студенттерге мамандықты іштен көруге, университетте алған білімдерін индустрияның нақты міндеттерімен салыстыруға және болашақ тәжірибе мен жұмысқа орналасу бағытын анықтауға көмектеседі.
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС басшылығы мен ұжымына жылы қабылдағаны, ашықтығы және білікті мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!
26.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей