Decentrathon 6.0 хакатонындағы жеңіс
«Decentrathon 6.0» республикалық хакатонында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттер командасы жеңімпаз атанды.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму Министрлігінің қолдауымен, Аstana Hub және Blockchain & AI Technology Center (BAITC) бірлесіп ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға еліміздің 19 қаласынан 5600-ден астам қатысушы жиналды.
Көптеген командаларының арасынан ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының бірінші курс студенттері Никита Трокоз және Вячеслав Новиков өздерінің үздік шешімдерін ұсынып, Qazaq Loc QA by Grand Mobile номинациясында бірінші орынға ие болды.
Жеңімпаздарға 500 мың теңгелік сертификат табысталды. Студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да технология әлемінде жаңа белестерді бағындыра беріңіз!
27.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей