МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ АТЫНДАҒЫ ҚИнЭУ-ДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Егемендігімізді айқындайтын негізгі құжат – 1990 жылы 25 қазанда қабылданғаны белгілі. Осынау тарихи күнді еліміз 2009 жылға дейін Республика күні деп мемлекеттік мерекелер тізіміне қосып, өз деңгейінде тойлап келді. Міне, енді 13 жылды араға салып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен айтулы күн қайта ұлттық мәртебеге ие болып отыр. Осы атаулы мереке барысында университет белсенділері Республика күніне орай өз өнерлерін ортаға салып ән мен жырдан шашу шашты. Арнайы дайындалған бағдарлама көптің көңілінен шықты. Мереке қарсаңында Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің қызметкерлері оқу ордасының даму жолындағы ерен еңбектері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Марапат игерлері:
1. Сегизбаева Айгуль Сералиқызы
2. Нургазина Жанар Сеильханқызы
3. Нам Жанна Сидоровна
4. Лисогор Марина Георгиевна
5. Холина Елена Петровна
6. Амантаев Алишер Амантаевич
7. Федас Владислав Евгеньевич
8. Прусс Елена Владимировна
9. Мырзабекова Амина Турарбековна
10. Филипенко Павел Валерьевич
11. Хасенова Мирамкул Габбасовна
12. Касенова Бахыт Кайрбековна
13. Кулагин Иван Викторович
14. Баудинова Миргуль Салимовна
Алғыс хат игерлерін шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл айтулы мереке – тәуелсіздігіміздің негізгі іргетасы болып саналатын күн. Университетімізде өткен іс-шарада студенттер мен оқытушылар еліміздің даму жолындағы маңызды кезеңдерді еске алып, Республика күнінің тарихи және саяси маңыздылығына тоқталды.
Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Егемендігіміз мәңгі болсын, еліміздің болашағы жарқын болсын! 🇰🇿💙
Комментарии