АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ СЕССИЯ
Бүгін Халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығы студенттерге академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпараттық сессия өткізді. Орталық үйлестірушісі Адильбек Сүлейменов КИнЭУ-дің серіктес университеттері, академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысу шарттары мен талаптары туралы айтып берді.
Green Crops компаниясының өкілдері Польшадағы ауыл шаруашылығы саласындағы ақылы тәжірибелік жұмыс бағдарламасын таныстырса, Job Turkiye менеджері Түркиядағы қонақ үйлерде қысқамерзімді жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынды.
Академиялық мобильділік бағдарламаларына барлық білім беру бағдарламаларының студенттері қатыса алады, бұл әрбір студентке шетелде білім алып, жаңа тәжірибе жинақтау мүмкіндігін береді.
https://www.instagram.com/reel/DC3zSBcgFM1/?igsh=MXhmN2o3YzdzMnFtMA%3D%3D
{gallery}27.11.24{/gallery}
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Комментарии