Оңтүстік пен солтүстіктің тоғысуы
Өткен аптада Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің өкілдері «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан және Қызылорда облыстарына барып, мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Бағдарламаның мақсаты — оңтүстік өңірлердің жастарына еліміздің солтүстігінде білім алуға мүмкіндік беру. Университет делегациясының құрамында қабылдау комиссиясының жетекшісі Жеңісгүл Мұратқызы Жұмаш, әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Роза Әділбекқызы Әбілқайырова және бірінші курс студенті Мадинабону Набиева бар. Былтырғы жылы Мадинабону дәл осы залда мектеп оқушысы ретінде отырған болатын, ал бүгін Қостанайға қоныс аударып, университетте грант негізінде білім алып жатыр. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, Қостанайдағы алғашқы әсерлері және студенттік өмірі туралы әңгімеледі. Университет өкілдері талапкерлерге оқу ордасының білім беру бағдарламалары, мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы жан-жақты мағлұмат берді. Жұмыс сапары Түркістан мен Қызылорда облыстарының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жүзеге асуда. Бүгін делегация мүшелері Жамбыл облысында жұмыс жасап жатыр. Жылы қарсы алу, қонақжайлық пен жоғары сынып оқушыларының шынайы қызығушылығы бұл кездесулерді жай ғана ақпараттық шара емес, аймақаралық шынайы диалогқа айналды.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии