Еңбегі еленген аруымыз
Қостанайда “Еңбегі жанған арулар” облыстық форумы өтті. Іскер әйелдерді бір алаңға тоғыстырған іс-шарада өз саласында жетістікке жеткен, үздік атанған нәзік жандылар марапатталды. Солардың қатарында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің оқытушысы Татьяна Александровна Чернышова да бар. Біздің әріптесіміз «Дене шынықтыру және спорт» номинациясында жеңімпаз атанды. Бұл марапат - оның кәсібилігінің, еңбексүйгіштігінің және өз ісіне адалдығының айқын көрінісі. Көп жылғы қажырлы еңбектің бағалануы - университетіміз үшін де үлкен мақтаныш. Айта кетейік, облыстық форумды «Іскер әйелдер қауымдастығы» ұйымдастырды. Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Татьяна Александровнаны шын жүректен құттықтаймыз!
27 қараша 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии