Елдер мен университтер арасындағы көпір
Бүгін KEnEU International Week 2025 халықаралық апталығының қорытынды іс- шарасы - «Ғылымды дамыту: «Жаңа үрдістер мен инновациялар» атты XVII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға университетіміздің құрылтайшылары, алыс-жақын шетелден келген 15-ке жуық ғалымдар, Алматы, Астана, Қостанай облысының бірқатар білім мекемелері қатысты. ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық апталықтың әр күні мен әрбір пікірталасы қазіргі ғылымның қай бағытта дамып жатқанын және болашағымызды анықтайтын инновациялар туралы түсінігімізді кеңейтті деп атап өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Калкаман Хасенұлы Жақып ҚИнЭУ базасында халықаралық апталықтың қатарынан екінші жыл өткізіліп келе жатқаны студенттер мен оқытушылар үшін мәдени және академиялық алмасуды қамтамасыз етіп, жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайтып, тәжірибе бөлісуге мүмкіндік беретінін ерекше жеткізді. Университетіміздің академиялық даму жөніндегі проректоры Жұлдыз Орынтайқызы Ошақбаева оқу ордамыздағы ғылым мен білім, ғылыми нарықтың ұштастырылып, AI SANA ұлттық бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы баяндады. PhD докторы, Барселона университетінің Барселона факультетінің халықаралық бөлім басшысы Микель Роберт Феррер ҚИнЭУ ұжымының жылы қабылдағанына алғыс білдіріп, бұл кездесудің жай ғана академиялық алмасу емес, мәдениеттер мен тарихтардың, кәсіби идеялар мен көзқарастардың тоғысуы екенін жеткізді. Ислам Азад университетінің спорт менеджменті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джамшид Хемати ҚИнЭУ ынтымақтастықтың, білім мен инновацияның жаһандық орталығы екенін атап өтті. Ол университетпен әріптестікті кеңейтуге атсалысуға ниетті екенін айтып, серіктестіктің халықаралық жобалар, академиялық алмасулар, бірлескен конференциялар және цифрлық технологияларды дамыту бағыттарында өрістей алатынына сенім білдірді. Осы пікірді Аладдин Кейқубат атындағы Аланья университетінің биожүйелік инженерия кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Атилган Атилган да қолдады. Ол екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық елдер арасындағы достық көпірін нығайтатынына сенім білдірді. LOGO e.V. компаниясының және Демокрит атындағы Фракия университетінің білікті ғалымдары да конференция барысында өз баяндамаларын ұсынды. Қостанай инженерлік-экономикалық университінің құрылтайшысы Мадияр Бахтиярұлы Юнусов халықаралық және қазақстандық ғалымдарға, сондай-ақ ҚИнЭУ серіктестерге KEnEU International Week 2025 сияқты ауқымды шараны қолдағадары үшін алғыс білдіріп, қонақтар мен қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыстады.
28 қараша 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии