Экологияға балалық шақтан баулу
Бүгін «Бес үйрек» балабақшасында ҚИнЭУ Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының ұйымдастыруымен ReStart жобасы аясында қоқысты сұрыптау челленджі өтті. Экологиялық жобада белсенді қатысып жүрген студенттер, экоорталық жетекшісі Динара Шадринаның басшылығымен балаларды интерактивтік ойындар арқылы экологияға баулыды. -Қоқыс деген не? - деп сұрады «Логистика» білім беру бағдарламасының екінші курс студенті Карина Казачук. Кәсіпкерлік колледждің бірінші курс студенттері Данияр Казиев пен Иван Макогон экологиялық жұмбақтар жасырып, ал көлік және сервис кафедрасының студенті Ажар Нұрмағанбетова ескі заттардың қалай «екінші өмір» алатынын көрсетті. Балалар әр заттың таңдауы бар екенін, «жаман» және «жақсы» қақпақтар туралы білді. "Жақсы" қақпақтарды қайта өңдеп, басқаларға көмектесуге болады, ал «жаман» қақпақтар қайта өңдеуге жарамсыз. Білімді бекіту үшін балалар «Затты сақта!» атты ойынына қатысты. Еденге бөтелкелер, картон, сүлгілер және басқа заттар жайылды. Балалар кезекпен «Сақтаймыз!» немесе «Бұл қоқыс» деген жазуы бара қораптарға заттарды салды. Интерактивтік ойыннан кейін балалар экология тақырыбындағы мультфильмді көріп, табиғатпен дос болудың маңыздылығын ұғынды. Іс-шара балалар мен ересектерде де жарқын әсер қалдырды. ҚИнЭУ экологиялық орталығы балабақшамен ынтымақтастықты жалғастыра бермек және ReStart жобасы аясында ең кішкентайлар арасында экологиялық ағарту жұмыстарын кеңейтуді жоспарлап отыр.
9 желтоқсан 2025 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии