Сіздің тәжірибелеріңіз ерекше!
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Әзілханов Костанайға жұмыс сапары барысында арнайы уақыт тауып, ҚИнЭУ-ге келді. Университет оны ұлттық дәстүрдегі шынайы құрметпен қарсы алды. Холлға кірген сәтте жетігеннің күмбірлеген әуені естіліп, ұлттық тағамдар қойылған дастархан, студенттердің жылы жүзді қарсы алуы - барлығы ерекше атмосфера қалыптастырды. Қонаққа университетің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Көлікті және қозғалысты ұйымдастыру зертханасында Марат Алмасұлы оқу пойызын өзі іске қосып, шағын теміржол макеті қозғалысқа келді. Технологиялық үдерістерді модельдеу зертханасында студенттер ағашпен жұмыс істеп, инженерлік дәлдікті талап ететін макеттер дайындайды. Дәл осы жерде студенттер мен оқытушылар қолдан жасаған сағат сыйға тартылды. Экскурсиядан кейін Студенттік Ассамблея белсенділері мен "Ассамблея гранттары" иегерлерімен кездесу өтті. Олардың қатарында түрлі байқаулардың жеңімпаздары, белсенді, талантты жастар бар. ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов: – Ассамблея гранттары республикалық деңгейге шығуы керек, – деген ұсынысын білдірді. Ал құрметті мейман - Марат Алмасұлы: – Сіздің тәжірибелеріңіз ерекше. Бұл үлгіні кеңінен тарату керек, – деді. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов: – Бұл – Қостанай үлгісі. Қазақстанда Ассамблея атынан берілетін мұндай гранттарды естіген емеспін. Егер осындай қолдауды әр мекеме көрсетсе, нәтижесі зор болар еді, – деп толықтырды. Кездесу соңында Марат Алмасұлы жастарға үн қатты: – Өздеріңмен серіктес бола алатын орта құрыңыздар. Сол ортада өсіңіздер. Күштің бәрі – дұрыс ортада, – деді.
9 желтоқсан 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии