Ғылыми ынтымақтастық
2025 жылғы 8 желтоқсанда К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің (АӨК экономика және басқару институты, басқару кафедрасы, статистика және кибернетика кафедрасы) ұйымдастыруымен «Кеңістіктік әлеуметтік-экономикалық жүйелерді цифрландыру» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның модераторы – доцент Джикия М.К. Отырысқа М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-дің әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы қатысты. Университет атынан құттықтау сөзін PhD докторы, қауымдастырылған профессор, кафедра меңгерушісі Ахметов Дархан Серікұлы сөйледі. Өз сөзінде ол қабылдаушы тарапқа алғыс білдіріп, талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және технологиялық даму динамикасына аналитикалық шолу жасап, цифрландыру, жасанды интеллект жүйелерін енгізу, ІТ-инфрақұрылымды дамыту және агроөнеркәсіптік кешен мен өңірлік экономикадағы цифрлық трансформациялардың маңызына тоқталды. Казахстанның электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша әлемнің 30–35 елінің қатарына тұрақты кіретіні, мемлекеттік қызметтердің 92 %-дан астамы онлайн форматта ұсынылатыны, ал Astana Hub халықаралық IT-технопаркі Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық орталық болып, жыл сайын 300 млн АҚШ долларынан астам IT-қызмет экспорттайтыны атап өтілді. Сондай-ақ, Қазақстанның жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Қостанай облысына ерекше назар аударылды. Мұнда жерді спутниктік мониторингтеу, цифрлық егістік карталары және дәлме-дәл егіншілік элементтері кеңінен енгізілуде. Дөңгелек үстелдің тақырыбы экономикадағы цифрландыру үдерістерін, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің трансформациясын, агроөнеркәсіптік кешенде, мемлекеттік басқаруда және білім беру саласында жасанды интеллекттің рөлін толық ашып көрсетті. М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-дің әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасынан дөңгелек үстелге қатысқандар: 1. Ахметов Дархан Серікович – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, кафедра меңгерушісі; 2. Нұрмағамбетова Ляйля Искендирқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; 3. Зарубина Венера Равилқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор; 4. Бимұрзина Ляззат Алдабергенқызы – магистр, аға оқытушы. Кафедра ұйымдастырушыларға іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуі мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді. Бұл дөңгелек үстел халықаралық академиялық әріптестікті одан әрі дамытуға маңызды қадам боларына сенім білдіреміз.
8 желтоқсан 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии