Ассамблеяның басты формуласы: күшіміз - бірлікте
Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық этномәдени бірлестіктері мен консультативтік-кеңесші органдарының өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілхановпен кездесті. Кездесуге ҚИнЭУ президенті, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов қатысты. Басқосу бейресми, жылы жағдайда өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді, ұсыныстар мен пікірлерді еркін талқылауға мүмкіндік алды. Марат Алмасұлы: «Мен үшін ең маңыздысы - сіздерді тыңдау», - деп атап өтті. Ол Ассамблея жұмысының елдегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтудағы ерекше рөлін атады. - Бүгінде Қостанай облысы халқының жартысына жуығы - жастар, сондықтан олардың елдік құндылықтарға деген сүйіспеншілігін, Отанға деген құрметін қалыптастыру аса маңызды, - деді Александра Ильнична Суслова. Ол өз сөзінде Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін барлық іс-шаралар жастарда патриоттық сезім мен көпұлтты Қазақстан мәдениетіне құрметін арттыруға бағытталуы тиіс екенін айтты. Қатысушылар Достық үйіне кеңірек ғимарат қажет екенін жеткізді. Марат Алмасұлы бұл мәселені шешуге ықпал етуге уәде берді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қостанай облыстық Ассамблеясының құрамын жасарту мәселесіне де тоқталды: - Сендердің қастарында жас буын өкілдері отыруы керек, - деп жастарды қоғамдық жұмысқа кеңінен тартуға шақырды. Қадірменді қонақ Қазақстан халқы Ассамблеяның шығармашылық ұжымдар қауымдастығы құрылғанын, театр фестивальдері , халық қолөнершілердің көрмелерін өткенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ҚХА жанынан жазушылар клубы ашылатыны туралы жағымды жаңалықпен бөлісті. Бұл ұсынысты костанайлықтар зор қуанышпен қабылдады. Кездесу соңында Марат Алмасұлы Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді және нәтижелі жұмысына жоғары баға берді.
9 желтоқсан 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии