Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Жастар - Ассамблеяның заманауи келбеті

Бүгін форумның екінші күнінде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Іс-шараға ҚИнЭУ президенті Рихсибай Мамедов, ректоры Арман Исмаилов және белсенді студенттері қатысты. Ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе бөлісуге және жастардың көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған маңызды іс-шара - студенттік ассамблеялардың I Республикалық форумын ашқан облыс әкімі қатысушыларды құттықтап, жастардың ел бірлігін сақтаудағы рөліне тоқталды: - Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің болашағы - патриот жастардың қолында. Қоғам бірлігін нығайтуда да жастардың орны ерекше, – деді облыс әкімі өз сөзінде. – Жаңа жобалардың ұсынылуы, креативті бастамалардың көбеюі Ассамблея мен оның жастар қанатының жұмысына зор серпін берді. Жаңа энергия, жаңа идеялар нақты іске асуда. Студенттік қозғалыстың әрбір жаңа ұяшығы – бұл жас құрылысшылар, нағыз патриоттар. Сіздер Ассамблеяның заманауи келбетін қалыптастырасыздар, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Әзілханов. Спикер алдағы уақытқа арналған студенттік ассамблеялар мен «Ассамблея жастары» ұйымының жұмыс жоспарымен де бөлісті. Атап айтқанда, «Мен – Қазақстан патриотымын» жобасы, «Менің таза Қазақстаным» экологиялық бастамасы. - Біздің өсуіміз нық әрі еліміздің әрбір түкпірінен естілуі керек, – деді Марат Алмасовұлы. ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұраттарына қосқан белсенді еңбегі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатымен марапатталды. Ал Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің Студенттік ассамблеясына ресми құжат тіркелгені туралы куәлік табысталды.

9 желтоқсан 2025 жыл. 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы