Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Мектеп пен университетті біріктірген меморандум

Бүгін М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен Рудный қаласы білім беру бөлімінің М.Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі «Серіктестік алаңы» желілік өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық жобасы аясында меморандумға қол қойды. Аталған меморандум жоғары және орта білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті нығайтуға, кәсіби бағдар беру жұмысын кеңейтуге және оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауына жағдай жасауға бағытталған. Кездесу барысында университет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов оқу орынның дайындық бағыттары, білім беру бағдарламалары және заманауи материалдық-техникалық базасы туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ ұстаздар үшін де қолжетімді «Білім берудегі менеджмент» магистратура бағдарламасына түсу мүмкіндіктері таныстырылды. Жоспарда - кәсіби бағдар беру дәрістері мен шеберлік сыныптары, университетке экскурсиялар, олимпиадалар, ашық есік күндері, сондай-ақ оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарға қатысуы бар. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері мен университет оқытушылары арасында тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру да меморандумның маңызды бағыты болып табылады. Жақын арада М. Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары алғаш рет университетімізге келіп, оқу ордамен жақынырақ танысатын болады.

 

20 қаңтар 2026 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы