Жасыл маркетингтің бетпердесі
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің Жасыл алаңында республикалық «ReStart» жобасы аясында «Гринвошинг: шынайы экологиялық өнімді маркетингтен қалай ажыратуға болады» атты дәрісі өтті. Іс-шараға студенттер және оқытушылармен қатар, кәсіпкерлер мен «Respublica» партиясының «ReWomen» әйел қауымдастығының өкілдері де қатысты. Көптеген қатысушылар бос қол келмеген, өздерімен пайдаланылған батарейкалар мен қаңылтыр банкілерді алып келіп, осылайша экологияға өз үлестерін қосты. Лекция барысында қатысушылар гринвошинг деген не, оны қалай тануға болады, сондай-ақ орамдағы «эко» белгі әрдайым өнімнің экологиялық таза екенін білдірмейтінін талқылады. Гринвошинг - бұл компаниялар «жасыл» PR арқылы өз өнімдері мен қызметтерін экологиялық таза сияқты көрсетіп, тұтынушыларды адастыруға бағытталған маркетингтік әдіс. Өндірушілер көбіне тұтынушылардың табиғи және қауіпсіз тауарларға деген қызығушылығын пайдаланып, өнімдерін «экологиялық» деп көрсетеді, бірақ бұл тек маркетингтік тәсіл болуы мүмкін. Қатысушылар әлеуметтік кәсіпкер және Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының салалық кеңесінің мүшесі Динара Шадринадан нақты экологиялық өнімді маркетингтік әдістен қалай ажыратуға болатыны жөнінде кеңестер алды. Сондай-ақ, лекцияда косметиканың құрамын арнайы сайттар арқылы тексерді. Дәрістен кейін қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті: - Өте көп ақпарат алдық. Біздің түсінігіміздегі экология мектептен қалыптасқан, тек қоқысты шашпау, ағашты кеспеумен шектелген болса, мұнда өте ауқымды қайта өңдеу түрлері жайлы білдік. Қақпақтардан, бөтелкелерден өңделген заттарды көрдік. Бұндай жобаларды көбірек өткізу керек сияқты. Мектеп бағдарламасына да енгізу керек деп ойлаймыз,- деді қатысушылар.
27 қаңтар 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии