Кедергілерден - мүмкіндіктерге
Бүгін ҚИнЭУ–Атамекен әлеуметтік кәсіпкерлік хабында студенттер мен оқытушыларға арналған «Кедергілерден мүмкіндіктерге: баршаға қолдау және мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараны Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы ұйымдастырды.
Кездесуге Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының магистрі, Қостанай қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының параби құрамасының мүшесі, спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, Сенат жанындағы мүгедектігі бар тұлғалар мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Аруна Рахметуллаевна Жаксагулова, сондай-ақ «Үміт-Надежда» облыстық қоғамдық бірлестігінің мамандары - Багдат Дулатович Танатханов пен Илья Александрович Вироховский қонақ ретінде шақырылды. Олар өз өмір жолдары арқылы қайсарлық пен рух күші кез келген қиындықты жеңуге көмектесетінін дәлелдеді.
Кездесу барысында инклюзия, тең мүмкіндіктер және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.
Аруна Рахметуллаевна өз өмірінен сыр шертті:
-18 жасымда жарақат алған кезде өмірім аяқталғандай көрінді. Қазір өткенге көз жүгіртсем, өмірдің қаншалықты мазмұнды әрі қызықты бола алатынын, мүмкіндіктердің көп екенін түсінемін. Сол мүмкіндіктерді пайдалану керек. Кейде қорқыныш болады, бірақ жайлы аймақтан шыға білу қажет.
Сондай-ақ ол өмірлік құндылықтары туралы айтып, Қазақстанда параби өнерін дамыту бастамашысы болғанын жеткізді.
Багдат Дулатович өз жолы туралы айтты:
-Мен дүниеге келгенде жүре алмадым. Қазір үстел теннисімен айналысамын, білім алдым, жұмыс істеймін, дамып келемін, отбасын құрдым және егер өзіңе сеніп, берілмесең, бәрі мүмкін екенін түсіндім. Кез келген жағдайдан шығудың жолы бар.
Илья Александрович өміріндегі қиын кезеңмен бөлісті:
-Бес жыл бойы үйден шықпадым. Бесінші қабатта тұрдым, ешкіммен араласпадым. Бірақ уақыт өте келе өмірге қадам жасау, өзіңе және күшіңе сену керек екенін түсіндім.
Қонақтар университеттің инфрақұрылымымен танысты. Заманауи зертханалар мен инклюзияға жасалған жағдайлар оларға ерекше әсер қалдырды. Аруна Рахметуллаевна университет роботымен би билеп, спорт кешенінде қонақтар үстел теннисін ойнады.
Дөңгелек үстел адамның бойында рух күші, әрекет етуге деген ұмтылыс және өз мүмкіндіктеріне сенім болса, ешқандай жағдай оны сындыра алмайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
11 ақпан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии