Білім берудегі серіктестік
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Құсмұрын №2 жалпы білім беретін мектебі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат жоғары және орта білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті нығайтуға, кәсіби бағдар беру жұмысын кеңейтуге және оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына жағдай жасауға бағытталған.
Кездесу барысында университет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов бакалавриат пен магистратураның білім беру бағыттары, заманауи білім беру бағдарламалары және оқу орнының материалдық-техникалық базасы туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ мектеп ұстаздары үшін «Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға түсу мүмкіндіктері таныстырылды.
Құсмұрын кенті - ірі теміржол торабы. Мектеп директоры Айсұлу Бақытжановна Ермағамбетованың айтуынша, білім ордасында бейіндік сыныпбы жұмыс істейді. Оқушылар теміржол мекемелеріне барып, мамандықтың қыр-сырын танып жүр. Бұл бағыт университеттің теміржол саласына мамандар даярлауымен үндеседі.
Меморандум аясында кәсіби бағдар беру дәрістері мен шеберлік сабақтарын өткізу, университетке экскурсиялар ұйымдастыру, ашық есік күндерін өткізу, сондай-ақ оқушыларды ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарға тарту жоспарланған. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері мен университет оқытушылары арасында тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру маңызды бағыттардың бірі болмақ.
- Біз ынтымақтастыққа ашықпыз, ұстаздар мен оқушыларға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді университет ректоры.
11 ақпан 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии