Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Адал азамат - қоғам тірегі

Қоғамда адалдық пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталған «Адал азамат» жобасы аясында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Адал қоғам - салауатты санадан басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚИнЭУ-дің мансап және бизнес -көшбасшылық орталығы ұйымдастырды.

Жиынға Қоғамдық келісімі мекемесінің бас сарапшылары - Айбек Мырзағалиұлы Таңатбаев және Данияр Дүйсембекұлы Сарсенбетов қатысып, студенттермен өнегелі, тағылымды диалог құрды. Еркін форматта өткен кездесуде жастар өз пікірлерін ашық білдіріп, ой алмасты.

Кездесу барысында «Адал қоғам», «Адал азамат» ұғымдарын қалай қабылдайсыздар?» деген сауалдар қойылып, адалдық пен жауапкершілік тақырыбы кеңінен талқыланды.

Шарада тәрбие мәселесіне ерекше мән берілді. «Тәрбие тал бесіктен басталады», «Отан отбасынан басталады» деп отбасының рөлі, әрбір ата-ана баласының жақсы, саналы азамат болып өсуін тілейтіні ерекше атап өтілді.

- Президент атап өткендей, отаншылдық - қоқыс тастамаудан, табиғатты аялаудан, үлкенді сыйлап, кішіге құрмет көрсетуден басталады деген, - деп Айбек Мырзағалиұлы жастарды теріс әдеттерден аулақ болуға, жалған ақпарат жетегінде кетпеуге шақырды.

Дөңгелек үстел жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

 

11 ақпан 2026 жыл 

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы