Рудныйлықтарды қарсы алдық
Қаңтар айында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерік-экономикалық университеті мен Рудный қаласының М.Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Бүгін сол келісім аясында мектептің екі 11-шы сыныбы университеттің тыныс-тіршілігімен жақын танысып, болашақ талапкерлерге ашылатын мүмкіндіктерді өз көздерімен көру үшін оқу орнына арнайы келді. Қабылдау комиссияның жауапты хатшы Жеңісгүл Мұратовна Жұмаш талапкерлерге қабылдау ережелері мен білім алу мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады. Кездесу барысында интерактивті форматта шағын байқаулар ұйымдастырылып, оқушылар оларға белсенді қатысты. Қонақтарға зертханалық корпус, заманауи аудиториялар және университеттің инфрақұрылымы таныстырылды. Зертханалардың бірінде оқушылар өздерінің алғашқы пойызын жөнелтсе, екіншісінде университеттің роботымен танысты. Кафедра оқытушылары жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, ғылыми жобалар және студенттердің кәсіби даму перспективалары туралы ақпарат берді. Ал спорттық кешенде қызықты спорттық ойындар өткізілді. Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Райхана Қазиханқызы Абдрахманова қонақтарға дастархан жайып, қонақжайлық танытты. Бұл кездесу мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтты.
13 ақпан 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии