Қауіпсіздік әліппесі
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері студенттермен кездесті. Кездесу 1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылды. Құтқарушылар бұл мерекенің қалыптасу тарихына тоқталып, студенттерге азаматтық қорғаныстың маңыздылығы мен оның қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін түсіндірді. Мамандардың айтуынша, Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін атап өтудің басты мақсаты - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, сондай-ақ қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғану тәсілдері мен құралдары туралы білімді насихаттау және халық арасында кеңінен тарату. Кездесу барысында Қостанай қаласы Төтенше жағдайдар басқармасының азаматтық қорғаныс тобының аға офицері, лейтенант Ернұр Талғатұлы Базарбаев және басқарманың аға инженері, азаматтық қорғаудың аға лейтенанты Арлан Амангелдіұлы Майлыбаев өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері туралы еске салды. Сондай-ақ студенттерге арнайы жадынамалар таратылып, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Құтқарушылардың айтуынша, тәжірибе көрсеткендей, өрт оқиғалары көбіне адам салғырттығының салдарынан туындайды.
10 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии