Нөл қалдық және жаңа әдеттер
Бүгін ҚИнЭУ студенттері университеттің Жасыл алаңының қызметімен және миссиясымен танысты. Бұл экскурсия Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Экоорталықтың жетекшісі Динара Шадрина студенттерге алаңның аймақтарға қалай бөлінгенін және олардың ерекшеліктерін түсіндірді. - Экоорталық халықаралық «AGROKAZ» жобасы аясында ашылған және «Нөл қалдық» философиясы негізінде жұмыс істейді. Аймақтар сағат тіліне қарсы бағытта орналасқан. Бұл - адамның ескі тұтынушылық әдеттеріне қарсы тұруын білдіретін символикалық шешім, - деп атап өтті Динара Шадрина. Сонымен қатар, экоорталық жетекшісі жастарға ескі тұтынушылық әдеттерден арылуға кеңес берді. Мысалы, полиэтилен пакеттердің орнына шопер-сөмкелерді, ал пластик бөтелкелердің орнына қайта пайдаланылатын су бөтелкелерін қолдану арқылы күнделікті өмірде экологиялық дағдыларды қалыптастыруға болады. Мұндай қадамдар қоршаған ортаны қорғауды жеңілдетіп, табиғатты сақтау мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
31 наурыз 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии