Жоғары білім мен ғылымның болашағы талқыланды
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры Арман Оразалиевич Исмаилов Астана қаласында Qazaq AI Research University (QAIRU) алаңында өткен Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған форумына қатысты.
Форум ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерін, жоғары оқу орындарының басшыларын, ғылыми және академиялық қоғамдастық өкілдерін, сондай-ақ білім беру және инновациялар саласындағы сарапшыларды біріктірді.
Форум барысында жоғары білім мен ғылымды дамыту, университеттерді цифрландыру, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, мамандар даярлау сапасын арттырудың, білім беру саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізудің және елдің ғылыми әлеуетін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар университеттердің бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы, инновацияларды дамытудағы және ел экономикасының заманауи талаптарына сай адами капиталды қалыптастырудағы рөліне назар аударылды.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей