Арқалық жастарымен жүздестік
Қандай мамандық таңдаған дұрыс? Мемлекеттік грантқа қалай түсуге болады? Университет қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Арқалық қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері осы сұрақтарға тікелей жауап алды.
ҚИнЭУ-дің «Стандарттау және тағам технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Назарова Жадыра Жагипаровна Арқалық қаласына арнайы барып, жастарды университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Кездесудің мақсаты - болашақ талапкерлерге жоғары білім алу мүмкіндіктерін таныстырып, мамандық таңдауда дұрыс бағдар беру.
Кәсіптік бағдар беру кездесулері Арқалық политехникалық колледжінде және Қазақ тұтыну одағының Арқалық көпсалалы колледжінде өтті. Сонымен қатар Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектепте қала мектептерінің 11-сынып түлектері бас қосты. Жоғары сынып оқушыларына арналған бұл кездесуді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Арқалық қаласы білім бөлімі ұйымдастырды.
Кездесу барысында жастар университеттің білім беру бағдарламалары мен бағыттары, студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат алды. Әңгіме барысында талапкерлерді толғандырған сауалдар да аз болмады. Олар мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін қажетті баллдар саны, құжаттарды қабылдау мерзімі және жатақханада тұру шарттары туралы сұрады.
Әсіресе әскери кафедрада оқу мүмкіндігі ер балалардың қызығушылығын тудырды. Олар оқудың ерекшеліктерімен қатар, талапкерлерге қарастырылған жеңілдіктер мен артықшылықтар жөнінде де мәлімет алды.
Арқалықтың жалында жастары, сіздерді ҚИнЭУ-де асыға күтеміз!
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей