7 мектеп - бір мақсат
Бүгін біздің кәсіби бағдар беру тобымыз Әулиекөл ауданына жол тартты. Кесте бойынша жеті мектептің оқушыларымен кездесу керек.
Алғашқы аялдама - Новоселов жалпы білім беретін мектебі. Команда мүшелері оқушыларға білім беру бағдарламалары, мамандар даярлау бағыттары және студенттік өмір туралы айтып берді.
Алайда күннің негізгі бөлігі әлі алда еді. Команда тағы алты мектепке барды. Олар: Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі, С. Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясы, № 2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі, И. Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі, Н. Островский атындағы Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі және Б. Кенжетаев атындағы Новонежин жалпы білім беретін мектебі.
Қабылдау комиссиясының маманы құжаттарды қабылдау тәртібі, жеңілдіктер мен ішкі гранттар туралы түсіндірді. Сонымен қатар, жақында университетімізде бейіндік пәндер бойынша өтетін пәндік олимпиада туралы ақпарат берілді. Олимпиадаға қатысушылар өз білімдерін сынап, оқу ақысына жеңілдік беретін сертификат ұтып ала алады.
Энергетика және машина жасау кафедрасының өкілдері білім беру бағдарламалары мен болашақ мамандықтардың ерекшеліктеріне тоқталды. Ал жастар саясаты департаментінің белсенді студенттері университеттегі студенттік клубтар, түрлі іс-шаралар және студенттердің өз қабілеттерін дамытуға арналған бастамалар туралы әңгімеледі.
Жеті мектеп - бір мақсат. Оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесіп, үлкен өмірге жасайтын алғашқы қадамына бағыт беру.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей