Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Ұрпақтардың философиялық диалогы

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Ұрпақтардың философиялық диалогы: Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты ғылыми-философиялық пікірталас өтті. Іс-шара Республика күніне арналды.

Басқосуға «Әділет» партиясының қалалық филиалының өкілдері, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Рудный индустриялдық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, университетіміздің әлеуметтік серіктестері - «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, сондай-ақ студенттер мен магистранттар қатысты.

Бүгінгі бинарлық дәрістің негізгі мақсаты – ғылым, білім мен құқықтық нормалардың философиялық негіздері туралы тұтас түсінік қалыптастыру, философия мен ғылымның өзара байланысын ашу, сондай-ақ философиялық категориялардың құқықтың түрлі салаларында көрініс табуын қарастыру.

ҚИнЭУ-дің әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Райхана Қазиханқызы Абдрахманова ғылыми дүниетанымның қалыптасуы және оның негізгі тарихи типтері туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде философия мен ғылымның өзара байланысына тоқталып, ғылыми білімнің даму кезеңдерінде олардың рөлі мен басымдықтарының қалай өзгергенін қарастырды.

Рудный индустриялық университетінің аға оқытушысы, саяси ғылымдар кандидаты Рафик Хамитович Тажибаев өз баяндамасын философиялық категориялардың құқықтың түрлі салаларында көрініс табуына арнады. Баяндамашы құқықтық нормалардың философиялық негіздеріне және құқықтық құбылыстарды түсінудегі философиялық көзқарастың маңызына назар аударды.

Осы университеттің магистранты Асылзат Нұрмұратова ағылшын тілінде жасалған баяндамасында ғылымның философиялық негіздерін ашып, ғылыми білімді философиялық тұрғыдан пайымдаудың маңыздылығына тоқталды.

Бүгінгі іс-шара жоғары оқу орындар арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және ғылыми дүниетанымға, құқықтық мәдениетке әрі Қазақстанның конституциялық құндылықтарын құрметтеуге негізделген жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті.edited 

 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы